Sunday, 20 August 2017, 04:18:33 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
Амасиядағы ТүркПА іс-шарасы

ТүркПА Хұқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар комиссиясының жиналысы 2017 жылдың 11-12 мамырында Түркияның Амасия қаласында өтіп, алдағы айларда Бішкек қаласында болатын Парламенттік ассамблеяның пленарлы сессиясы күн тәртібінде орын алған мәселелерді талқылады. Жиынды аталмыш ТүркПА комиссиясының төрағасы, Амасия ауданынан сайланған Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты, Түркия-Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы Халук Ипек жүргізді.

Әзербайжан Милли Мәжлисінің депутаты Сәдагәт ханым Вәлиева, Қазақстаннан келген сенатор Серік Ақылбай, Қырғызстан Жоғорку Кеңеші депутаты Бақытбек Райымқұлов, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Екрем Ердем жетекшілік еткен делегациялар мен ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов бастаған ТүркПА хатшылығы қызметкерлері іс-шараға қатысты.

Амасия қаласының әкімі Жафер Өздемир мырза мен оның қызметтестері бауырлас елдерден келген қонақтарға жылы шырайлы қонақжайлық көрсетті.

Жиын қатысушылары Амасияның тарихи және мәдени орындарын аралады.