Sunday, 20 August 2017, 04:17:58 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
ТүркПА Қазақстан Парламенті Сенатына сайлауды бақылайды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өзінің ТүркПА бас хатшысы Жандос Асановқа жақында жазған хатында 2017 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына болатын тікелей емес сайлауды бақылауға ТүркПА сайлау бақылаушыларын шақырды.

ТүркПА 2010 жылдан бері мүше елдерде өтетін сайлаулар мен референдумдарды бақылап келеді.