Sunday, 20 August 2017, 04:21:14 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
ЭКСПО-2017 Астана, Астана экономикалық форумы

10-ыншы Астана экономикалық форумы Астана қаласында 2017 жылдың 15-16-сында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында өтті. Аталған көрме энергияның балама және жаңаратын көздеріне арналған.

ЭКСПО-2017-нің конгресс-центрінде өткен Астана экономикалық форумының пленарлы сессиясында Жоғары Мәртебелі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «ЭКСПО-2017 – имидждік жоба, ЭКСПО-дағы павильондар Қазақстанның болашағына қызмет ететін инновациялар алып келді».

“Біз орасан ірі аумақта объектілер салдық, алғашқы тасын мен 2014 жылы – үш жыл бұрын қалағанмын, 200 гектар жерде ірі ғимараттар салдық және бұлардың бәрі де Қазақстанның болашағына қызмет етеді», деп сабақтады сөзін Президент Назарбаев, «Біз Астанада халықаралық қаржы орталығын құру туралы шешім қабылдадық, оған қажетті тиісті ғимараттар мен инфраструктураны осы жақтан беретін боламыз. Бұл жерде «жасыл» экономика мен «жасыл» технологиялар шоғырланатын болады, бұл жер осында қордаланған білімді төңірекке жаятын өзек болмақ».

ТүркПА бас хатшысы Ж.Асанов TurkPA ЭКСПО-2017 мен Астана экономикалық форумына қатысты.