Sunday, 18 February 2018, 23:54:22 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
Түркі ынтымақтастық ұйымдары ТҮРКПА хатшылығында жиналды

2018 жылдың 8 ақпанында ТҮРКПА, Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының және Түркі академиясының төртінші үйлестіру кеңесі Бакудағы ТҮРКПА хатшылығында өтті. Кездесуге Түркі кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Гасанов, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі мәдениеті мен мұра қорының Президенті Гюнай Афандиева және Түркі академиясының Тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев қатысты.

Бас хатшы Мамаюсупов мырза кездесудің модераторы ретінде қатысушыларды ТҮРКПА-ның 2017 жылда өткізілген қызметі туралы, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен 2018 жылға арналған іс-қимыл жобалар туралы хабардар етті.

Түркі ынтымақтастық ұйымдардың өкілдері соңғы қызметі туралы ақпарат берді және хатшылықтар арасында үйлестіру мақсатында жұмыстарын және ақпарат алмасуды қажеттігіне орай жетілдіру туралы келісімге келді.

Тараптар, сондай-ақ ТҮРКПА-ның 10 жылдығы, ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына, АДР-нің 100 жылдығына және түркі әлемінің көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шараларды бірлесіп өткізуге келісті.

Келесі Бесінші үйлестіру кеңесін 2018 жылы барысында Әзірбайжандағы Түркі Мәдениеті мен мұра қорымен өткізу туралы шешім қабылданды.