Sunday, 18 February 2018, 23:53:31 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
Бас хатшы Қазақстан Республикасы Елшісімен кездесуді өткізді

2018 жылғы 31 қаңтарда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Бакудағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде Төтенше және Өкілетті Елші Бейбіт Исабаевпен кездесуді өткізді.

Кездесу барысында Мамаюсупов мырза Елшіге ұйымның алдағы қызметі туралы хабардар етті және 2018 жылы ТүрікПА-ның 10 жылдығын мерекелеуге байланысты жұмыстар туралы пікір алмасты. Бас хатшы ТүрікПА-ның түркітілдес мемлекеттер арасындағы ашық диалог, жаһандық амандық пен бейбітшілікке негізделген парламентаралық ынтымақтастықтың маңызды платформа ретінде дамып келе жатқанын атап өтті.

А.Исабаев ТүрікПА-ның түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады және Қазақстан тарапы Ассамблеяның барлық бастамаларына толық қолдау көрсететінін атап өтті.

Тараптар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Баку қаласына және ТүркПА штаб-пәтеріне сапары туралы мәселелерді талқылады.