Thursday, 21 September 2017, 10:55:39 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
Қазақстан дипломатиясының медалі ТүркПА бас хатшысына

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына орай елдің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ТүркПА бас хатшысы Жандос Асановты «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» естелік медалімен және министрдің құрмет грамотасымен марапаттады.

Жандос Асанов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне 1993 жылғы 13 қыркүйекте жұмысқа тұрып, елдің шет елдердегі бірқатар дипломатиялық миссияларында істеді, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (СВМДА - CICA) мен ЕҚЫҰ-да (ОБСЕ - OSCE) жоғары лауазымды қызметтерде болды. Қазақстан Президенті әкімшілігі, Премьер-Министрі кеңсесі және Парламентінде де біраз уақыт еңбектенген.