Sunday, 20 August 2017, 04:26:59 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
ТүркПА Бас хатшысы

ТүркПА Бас хатшысы Асанов Жандос Әнуарұлы

1969 жылы 15 ақпанда Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы), Панфилов ауданы, Алмалы аулында дүниеге келген.

Білімі: 1993 ж. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітіріп, ағылшын және орыс тілдерінің оқытушысы деген диплом алған; 1992 жылы АҚШ-тың Аризона штатындағы Тусон қаласында үш айлық тілдік курста (студенттердің ауысу программасы бойынша - students’ exchange programme); 1995-1997 жж. Исламабадта Пакистан шет тілдері институтында урду тілінен сабақ алған.

Еңбек жолы:

Қазақстанның дипломатиялық қызметінде 1993 жылғы 13 қыркүйектен бері жұмыс істейді.

1994 ж. 9 сәуірден 1998 ж. 9 желтоқсанға дейін ҚР Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінде атташе, екінші хатшы, үшінші хатшы қызметін атқарды;

1998 ж. желтоқсан – 1999 ж. наурыз: ҚР Сыртқы істер министрі кеңсесінің бірінші хатшысы, ҚР СІМ баспасөз хатшысы – Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы;

1999 ж. 1 сәуірден 8 желтоқсанға дейін – ҚР Президенті Протоколының консультанты;

1999 ж. желтоқсан – 2001 ж. ақпан: ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі меңгерушісінің орынбасары –Премьер-Министр Протоколының жетекшісі;

2001 ж. 28 наурыздан 2004 ж. 3 тамызға дейін – ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Елшілік экономикалық бөлімінің жетекшісі;

2004 ж. 16 тамыз – 2005 ж. 1 желтоқсан: ҚР Сыртқы істер министрлігі Европа және Америка департаментінің директоры;

2006 ж. 1 қаңтардан АӨСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі) Атқарушы директорының міндетін атқарушы – АӨСШК хатшылығының бас лауазымды тұлғасы; 2006 ж. 17 маусым - 2008 ж. 25 тамыз: АӨСШК Атқарушы директоры – АӨСШК хатшылығының бас лауазымды тұлғасы;

10.11.2008 ж. – 31.08.2009 ж.: кеңесші-уәкіл – Тұрақты өкілдің әскери-саяси мәселелер бойынша орынбасары, ҚР ОБСЕ-дегі (ЕҚЫҰ-дағы) тұрақты өкілдігі, Вена қаласы;

2009 ж. 1 қыркүйектен 2011 ж. 28 ақпан – Минскідегі ОБСЕ Офисі жетекшісінің орынбасары;

2011 ж. 16 мамырдан 2012 ж. 14 ақпанға дейін – ҚР Брюссельдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі;

2012 ж. 16 ақпаннан бері – ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары;

2013 ж. 1 қазаннан – Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) бас хатшысы.

1987-1989 жж. СССР қарулы күштерінде әскери борышын өтеген.

Қазақ, орыс, ағылшын және урду тілдерін игерген.

1997 ж. Пәкістанның Тілдер агенттігі (Мұқтадара Қауми Забан) шығарған «Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдерге ортақ сөздер сөздігін» жасаумен айналысқан ғылыми топтың мүшесі.

1996 жылдан бері ағылшын-қазақ сөздігін құрастырумен айналысады. Бұл сөздіктің алғашқы томы 2013 жылдың қазанында жарық көрді.

Үйленген, әйелі – Асанова Гүлжан Нұрболатқызы, төрт бала тәрбиелеуде.