Friday, 18 August 2017, 16:28:41 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы
Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА)

Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) 2008 жылғы 21 қарашада Əзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы жəне Түркия Республикасы парламенттерінің басшылары Стамбұл қаласында, Долмабахче сарайында қол қойған келісімге сəйкес құрылды. ТүркПА-ға төрағалық ету жыл сайын бір елден екінші елге ағылшын тілі ретіне сай ауысып отырады. Қазіргі кездегі Ассамблеяның Іс басындағы төрағасы Əзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің төрағасы Октай Асадов.

ТүркПА-ның негізгі мақсаттары:

* Мүше-елдер арасында парламенттік тәжірбиемен алмасу және озат тәжірбиемен алмасу;

* Әріптестіктің басым салаларында мүше-елдер заңнамаларын үйлестіру мүмкіндіктері;

* Түркі-тілдес мемлекеттері әріптестік кеңесі шеңберінде істер мен бастамаларды заңнамалық қолдау басталды;

* Түрік әлемінің әдебиеті мен өнерін, тарих құндылықтары мен мәдени мұраны танып білу;

* Білім беру, ғылым, технология және қоршаған ортаны қорғау салаларында тиімді аймақтық әріптестікті алға жылжыту;

* Мүше-елдер арасында кең ақпараттық ағымдарды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өзара қарым-қатынасына жағдай жасау;

* Сауда мен инвестицияларға оң жағдай жасау;

* Аймақтық экономикалық жобаларды, атап айтқанда энергетика және көлік саласында, жүзеге асыру;

* Өзара мүдде негізінде саяси мәселелерді талқылау.

Құрылған уақытан кейін, ТүркПА халықаралық ұйымдармен байланыс орнатуда. ТүркПА-ның Парламентараралық Одаққа, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Парламенттік Одағына (ИЫҰ ПО), Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК), Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы ұйымының парламенттік ассамблеясына (ҚТЭЫҰПА) бақылаушы мәртебесінде қабылданды. ТүркПА Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) қарым-қатынасын нығайтып, жыл сайын өтеттін ЕҚЫҰ ПА сессияларына қатысады. Сонымен бірге, ТүркПА Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің парламентаралық ассамблеясы (ТМД ПАА), ГУАМ ПА және Балтық ассамблеясының қонақ ретінде іс-шараларына қатысып тұрады.

ТүркПА-дағы бақылаушылар

[b]* Ислам ынтымақтастығы ұйымының парламенттік одағы

* Венгрия Ұлттық жиналысы[/b]

ТүркПА-ның пленарлық сессиялары

2009 жылғы 29 қыркүйекте Баку қаласында ТүркПА-ның І пленарлық сессиясы өткізілді. Іс-шараға Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі Төрағасы Октай Асадов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы Айтибай Тагаев және Түркия Ұлы ұлттық жиналысының Төрағасы Мехмет Али Шахин қатысты.

Пленарлық сессияда ТүркПА регламенті, ТүркПА хатшылығы ережесі жəне Баку декларациясы, сонымен қатар Хатшылықты Баку қаласына тұрақты орналастыру туралы қаулы қабылданды. Отырыс барысында ТүркПА Бас хатшысы лауазымына Рамил Ғасанов сайланды.

2011 жылғы 27-28 сәуірде Астана қаласында ТүркПА-ның II пленарлық сессиясы өтті. ТүркПА Іс басындағы төралағы Әзербайжаннан Қазақстанға өтті. Пленарлық сессияда Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының туы бекітілді. Отырыс барысында Экономикалық, сауда және қаржылық мәселелер комиссия, Құқықтық мәселелер бойынша комиссия, Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссия және Халықаралық қатынастар комиссия құрылып, олардың төрағалары сайланды. Отырыс қорытындысы бойынша Астана декларациясы қабылданды.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі Төрағасы Октай Асадов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы Ахматбек Келдибеков және Түркия Ұлы ұлттық жиналысының Төрағасы Мехмет Али Шахин қатысты.

2012 жылғы 14-15 маусымда Бішкек қаласында ТүркПА-ның III пленарлық сессиясы өтіп, Бішкек декларациясы қабылданды. Сонымен бірге, ТүркПА шеңберіндегі комиссиялардың хатшылары тағайындалды.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі Төрағасы Октай Асадов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы Асылбек Жээнбеков және Түркия Ұлы ұлттық жиналысының Төрағасы Жемил Чичек қатысты.

2013 жылғы 10-11 маусымда Анкара қаласында ТүркПА-ның IV пленарлық сессиясы өтті. Ассамблея Кеңесі жиынының барысында ТүркПА-ның Іс басындағы төрағалығы Қырғыз Республикасынан Түркия Республикасына өтті. Отырыс барысында ТүркПА Бас хатшысы лауазымына

Жандос Асанов сайланды. Сонымен қатар Анкара декларациясы қабылданды.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі Төрағасы Октай Асадов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы Асылбек Жээнбеков және Түркия Ұлы ұлттық жиналысының Төрағасы Жемил Чичек қатысты.

2014 жылғы 11-13 маусымда Баку қаласында ТүркПА-ның V пленарлық сессиясы өтті. Іс-шараға Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі Төрағасы Октай Асадов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов, Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы Асылбек Жээнбеков және Түркия Ұлы ұлттық жиналысының Төрағасы Жемил Чичек қатысты.

Ассамблея Кеңесі жиынының барысында ТүркПА-ның Іс басындағы төрағалығы Түркия Республикасынан Әзербайжан Республикасына өтті. Ассамблея Кеңесі Венгрия Республикасының Ұлттық жиналысын ТүркПА-ға бақылаушы ретінде қабылдау туралы шешіміне сәйкес, Венгрия Республикасы Ұлттық жиналысының вице-спикері Шандор Лежак ТүркПА-ның 5-ші пленарлық сессиясына қатысты.

Сонымен қатар, отырыс барысында ТүркПА комиссиялар қайта құрылсын деген шешім қабылданды. Бұрынғы Экономикалық, сауда және қаржы мәселелері комиссиясы - Экономикалық әрекеттестік комиссиясы болып өзгертілді. Ал Халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясы мен Құқықтық мәселелер комиссиясы қосылып жаңадан - Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясы құрылды. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар комиссиясы жанадан құрылды. Құрылған комиссиялардың төрағалары сайланды. Баку декларациясы қабылданды.

ТүркПА-ның келесі VI пленарлық сессиясы 2015 жылы 3-4 желтоқсанда Астанада өтеді.

ТүркПА тұрақты комиссиялары

ТүркПА төрт мамандырылған коммисия құрамында тұрады:

[b]

* Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы

* Экономикалық әрекеттестік комиссиясы

* Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясы

* Қоршаған орта мен табиғи ресурстар комиссиясын[/b]

Комиссиялар өздерінің өкілеттіктеріне қатысты мәселелерді қарайды, Ассамблея кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді, құжаттамаларға тадлау жасайды және комиссияға келіп түскен ұсыныстарды

қарайды, баяндамаларды және ұсынымдарды Пленарлық отырыстарында қөрсетілген құжатар қабылданады.

Әлеуметтiк, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы

2011 жылғы 27-28 сәуірде Астанада өткен ТүркПА-ның екінші пленарлық отырысының барысында Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясы құрылды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғарифолла Есім комиссия төрағасы болып сайланды.

2011 жылдың 28 сәуірінен 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Ғ.Есім комиссия төрағасы болды, ал төраға орынбасары қызметін Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің мүшесі Урмат Аманбаева атқарды. 2014 жылғы 13 маусымынан бастап (ТүркПА-ның 5-ші пленарлық отырысы) осы уақытқа дейін комиссия төрағасы Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің депутаты Құрманбек Диқанбаев, ал төраға орынбасары Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің мүшесі Севинж Гусейнова.

Комиссияның 1-ші отырысы: 2011 жылдың 25 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында ҚР Парламент Сенатының депутаты Ғ.Есiмнің төрағалығымен комиссияның бірінші отырысы өтті. Күн тәртібінің негізгі тақырыбы: «Түркітілдес халықтардың әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық саладағы байланысының жаңа кезеңі» болды.

Ғ.Есім тарапынан комиссия отырысында «Білге Қорқыт» бағдарламасы ұсынылды. «Білге Қорқыт бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәселелер» деген тақырыпта Ғ.Есім баяндама жасады және оның мазмұнды бөлімдерін айтып шығып, бағдарламаны іске асыру жолдарына қатысты өз пікірін айтты. Ғ.Есімнің пікірінше, бағдарламаның мақсаты түркітілдес елдердің беделді жоғары оқу орындарында және Түркі академиясының жанында «Білге Қорқыт» бағдарламасы бойынша магистрлер мен PhD докторлар даярлау. Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссия отырысы барысында Ғ.Есім комиссия мүшелерінің назарын түркі мемлекеттерін біріктіретін басты фактор - тарихқа, тіл мен мәдениетке аударды. Оның айтуынша, мемлекеттердің ортақ мәдениетін білдіретін басты мысалдың бірі түркілер үшін тарихи тұлға саналатын Қорқыт Ата. Сондықтан, мұндай бағдарламаны енгізудің нәтижесінде түркі мемлекеттерінің рухани, мәдени және тарихи мұрасын дамытудың ортақ мақсаттарына қол жетеді.

Түркітілдес халықтардың арасындағы мәдени, білім, ғылым, технология салаларындағы ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған осы бағдарлама келесіні көздейді: бакалавр білімін алған мамандарды Түркі академиясында (Қазақстанда), Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан

университеттерінде магистратураға оқыту. Түркология мамандығы бойынша – магистрлар даярлау.

Комиссияның 2-ші отырысы: 2013 жылдың 5 сәуiрінде Анкара қаласында Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ғимаратында комиссиясының екінші отырысы өтті. Комиссияның отырысы ҚР Парламент Сенатының депутаты - ТүркПА комиссиясының төрағасы Ғ.Есiмнің басшылығымен өтіп, оған сондай-ақ, төраға орынбасары Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің мүшесі Урмат Аманбаева да қатысты. Күн тәртібінің негізгі тақырыбы: «Жалпытүркілік терминқор қалыптастырудың өзекті мәселелері» болды. Отырыста Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия парламентарийлері, елшiлер мен елшiлiктердiң өкiлдерi, Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ және ТүркПА хатшылығының қызметкерлері, Түркі әлемі муниципалитеттері бірлестігінің өкiлi қатысты.

Жалпытүркілік терминқор қалыптастырудың тақырыбы бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті төрағасының орынбасары Ш.Құрманбайұлы баяндама жасады.

Комиссия жұмысы барысында қатысушылар «Жалпытүркілік терминқор қалыптастырудың өзекті мәселелері» баяндама тақырыбына баяндамашыларың сөздерін тыңдап талқылады және жоғарыда айтылған тақырып бойынша пiкiр алысу өткiзiлді.

Комиссияның 3-ші отырысы: 2014 жылдың 15 сәуiрінде Бішкек қаласында комиссияның үшінші отырысы өтті. Комиссия отырысы ҚР Жогорку Кеңешінің депутаты – комиссия төрағасының орынбасары Урмат Аманбаеваның басшылығымен өттi. Күн тәртібінің негізгі тақырыбы: «Түркі тілі күні» болды. Коммиссия жұмысы барысында қатысушылар түркі тілдерін жетік меңгерген кәсіби аудармашылар даярлауға, осы салада аударма техникасы атты пән енгізуге, сондай-ақ сөздіктер, оқулықтар әзірлеуге көңіл бөлді.

Комиссия отырысы қарсаңында ТүркПА мүше-елдерінің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы әрекеттестігінің перспективаларын айқындау ниетімен сарапшылардың кездесуі өтті. Пікірталас барысында дайындалған ұсыныстар жоғарғы оқу орындарында бір түркі тілінен екінші бір түркі тіліне кәсіби деңгейде тәржімәлай алатын аудармашылар дайындау мәселесін де қамтиды.

Комиссияның 4-ші отырысы: 2014 жылдың 2 желтоқсанда Баку қаласында комиссиясының 4-ші отырысы өтті. Комиссия отырысы Әзербайжан Республикасы Милли Мәжилисінің депутаты - комиссия төрағаның орынбасары Севинж Гусейнованың басшылығымен өттi. Күн тәртібінің негізгі бөлігі – «ТүркПА-ға мүше елдер арасындағы ақпарат ағынын ұлғайту» атты тақырып болды.

Бұл мәселені талқылауға Президент Н.Назарбаевтың 2014 жылғы маусым айында Түркияның Бодрум қаласында өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде мүше мемлекеттерде ақпараттық кеңістікті және бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жөнінде көтерген бастамасы түрткі болды.

Қазақстан делегациясын бастап келген ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі А.Смайыл өз сөзінде Қазақстан Басшысының түркітілдес елдердегі бұқаралық ақпарат құралдарын одан әрі жетілдіруді көздейтін ұсынысының дер кезінде айтылғанын тілге тиек ете келе, діттеген мақсат-мүддеге жету үшін түркі тілдерін меңгерген кәсіби тәржімешілерді көптеп дайындау қажеттігіне көңіл бөлді.

Жиын барысында «ТүркПА-ға мүше елдер арасындағы ақпарат ағынын ұлғайту» атты баяндама талқыланып, мүше елдердің парламенттері мен үкіметтеріне арналған ұсыныстар қабылданды. Комиссияның келесі бесінші отырысы Қазақстан Республикасының Астана қаласында 2016 жылдың бірінші жартысында өтетін болады.

Экономикалық әрекеттестік комиссиясы

ТүркПА-ның 2011 жылдың 27-28 сәуірінде Астанада өткен екінші пленарлық отырысы барысында ТүркПА-ның экономикалық, сауда және қаржы мәселелері комиссиясы құрылды. Комиссия төрағасы болып Қырғыз Республикасының Жоғорку Кеңешінің депутаты Қожобек Рыспаев, ал төраға орынбасары болып Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікжан Қанаев сайланды.

ТүркПА-ның 2014 жылдың 12-13 маусымында Баку қаласында өткен бесінші пленарлық отырысы барысында ТүркПА-ның экономикалық, сауда және қаржы мәселелері комиссиясыаты ТүркПА экономикалық әрекеттестік комиссиясы болып өзгертілді. Комиссия төрағасы болып Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікжан Қанаев, ал оның орынбасары болып Қырғыз Республикасының Жоғорку Кеңешінің депутаты Қожобек Рыспаев сайланды.

Комиссияның 1-ші отырысы: ТүркПА экономикалық, сауда және қаржы мәселелері комиссиясының тұңғыш жиыны 2011 жылғы 27-28 қазанда Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өтті. Жиналысты комиссия төрағасы, Жоғорку Кеңеш депутаты Қожобек Рыспаев жүргізді де іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан келген халық қалаулылары қатысты.

Тұңғыш жиын кезінде комиссия «Түркітілдес елдердегі экономикалық және сауда ынтымақтастығының перспективалары» проблематикасын талқылап, елдер арасындағы әрекеттестікті нығайту үшін

іскер адамдар арасындағы байланыстарды тереңдетіп, салалық диалогты өрістету қажет деген пікір айтылды.

Комиссияның 2-ші отырысы: ТүркПА экономикалық, сауда және қаржы мәселелері комиссиясының екінші жиыны 2013 жылғы 5 сәуірде Түркия Республикасының Ұлы ұлттық мәжілісінде өтті. Түркия Республикасының Ұлы ұлттық мәжілісі төрағасының орынбасары Садык Йакут іс-шараға қатысып, қатысушыларға сәлем жолдады.

Қожобек Рыспаев төрағалық еткен жиналыс барысында «ТүркПА-ға мүше елдердегі инвестициялық ахуалды жақсарту» атты тақырып бойынша баяндама тыңдалып, комиссия мүшелері өзара пікір алмасты, арнайы ұсыныстар қабылданды. Кейіннен ол Ассамблеяның пленарлық отырысында бекітілді.

Комиссияның 3-ші отырысы: ТүркПА экономикалық, сауда және қаржы мәселелері комиссиясының үшінші жиыны 2014 жылғы 11 ақпанда Бакуде, Әзербайжан Республикасының Милли Мәжлисінде өтті. Күн тәртібінің басты тақырыбы түркітілдес елдердегі экономикалық әрекеттестікті арттырудағы транспорт қатынасының маңызы болды. Іс-шара алдында мүше елдердің тиісті министрліктерінен, парламенттердің тиісті комитеттерінен келген, ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының өкілі қатысқан эксперттер мәжілісі болып, түркі мемлекеттеріндегі транспорт саласындағы ынтымақтастықтың негізгі қырларына қатысты әңгіме өтті.Заңнамалық эксперттер Комиссия жиынында қабылданатын баяндама мен ұсыныстарға өздерінің ұсыныстарын енгізіп, пікірлерін айтты. Заңнамалық эксперттердің алғашқы жиналысы барысында олар өзара танысып, өзара байланыс координаттарын алды және де бұдан былай транспорт саласында өзара әрекеттестікті үйлестіруге және тиісті информация алмасуға келісті. Комиссия жиналысы барысында парламентарийлер күн тәртібінің басты тақырыбы – транспорт саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытудағы қазіргі кездегі өзекті мәселелер жайлы пікір алмасып, арнайы ұсыныстар қабылдады.

Комиссияның 4-ші отырысы: 2014 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында ТүркПА-ның Экономикалық әрекеттестік комиссиясының 4-інші отырысы өтті.

Жиын түркітілдес елдердегі энергетика секторын дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Жиналысқа ТүркПА Экономикалық әрекеттестік комиссиясының Төрағасы, Мәжіліс депутаты Серікжан Қанаев төрағалықетті. ТүркПА-ға мүше елдерден келген парламентарийлер түркітілдес елдердің арасындағы энергетика саласындағы өзара іс-қимылын арттыруға қатысты ойтолғады. Жиынға қатысқан Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) өкілі аталмыш саладағы түркі ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде баяндап берді.

Жиын барысында «Энергетика саласын дамытудағы ынтымақтастық» атты баяндама талқыланып, мүше елдердің парламенттері мен үкіметтеріне арналған ұсыныстар қабылданды.

Комиссия өзінің бұл отырысында қуаттың балама және жаңаратын көздеріне баса көңіл бөлді. Комиссия Төрағасы С.Қанаев энергетикадағы болашақ үрдістерді көребілген Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізужөнінде инициатива көтергенін, енді бұл ғаламдық көрме болашақ энергия көздерін дамытуға арналатынын айтты.

Комиссияның келесі бесінші отырысы Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында 2015 жылы өтетін болады.

Астанада өткен жиынға келген парламентарийлер “Astana EXPO-2017” менеджментімен және Энергетика министрлігінің жетекшілігімен жүздесіп, сұхбаттасты.

Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясы

ТүркПА-ның 2011 жылдың 27-28 сәуірінде Астанада өткен екінші пленарлық отырысы барысында ТүркПА-ның Құқықтық мәселелер комиссиясы құрылды. Комиссия төрағасы болып Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжлісінің депутаты Халюк Ипек, ал төраға орынбасары болып Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжлісінің депутаты Нұрлан Әбдіров сайланды.

ТүркПА-ның бесінші пленарлық сессиясы барысында арнайы шешімге сай Құқықтық мәселелер комиссиясы Халықаралық қатынастар комиссиясымен қосылып жаңадан ТүркПА Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясы құрылды. (2014 жылғы 13 маусымдағы пленарлық сессияның №57-нші қарарына сай).

Комиссияның 1-ші отырысы: 2011 жылдың 20 желтоқсанда Анкара қаласында Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Халук Ипектің төралағымен комиссияның бірінші отырысы өтті. Алғашқы отырыстың тақырыбы «ТүркПА-ға мүше елдердің парламенттерінің конституция жүйесі ішіндегі орны, рөлі және парламентаризмнің мәртебесі» болды.

Комиссияның күн тәртібінде мүше елдердің конституциялары қарастырылды. Мүше елдер мен Парламенттері арасындағы әрекеттестікті нығайту аясындағы алғашқы отырыста қабылданған шешімдер барысында, конституция туралы атқарылатын әр түрлі жұмыс пайдалы болады деген ұғыммен ТүркПА-ға мүше елдердің Конституциялары өз тілдеріне аударылып, кітапша болып басып шығарылды. Осылайша мүше елдердің және эксперттердің конституция бойынша жұмыстарында сүйенетін қайнар

ортаға шықты. Сонымен қатар осы отырыста заңнама саласында әрекеттестік жөнінде кейбір шешімдер қабылданды.

Комиссияның 2-ші отырысы: 2012 жылдың 5 қарашасында Баку қаласында Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Халук Ипектің төралағымен комиссияның екінші отырысы өтті.

Күн тәртібінің негізгі бөлігі - «ТүркПА-ға мүше елдердің парламенттері ішкі регламенттері және ішкі регламенттерде депутаттардың мәртебелері» атты тақырып болды.

Екінші отырыста мүше елдердің Парламенттерінің жұмыс істеу құрылымы мен әрекеттерін қарастыру мақсатында Мәжілістердің ішкі регламенттері жәнінде келіссөздер жүргізілді.

Осылайша өзара іздестіру мен зерттеулерге мүмкіншілік берілуі және демеу көрсетілуі үшін, ішкі регламенттердің аударылып басып шығарылулары жоспарлануда. Сонымен қатар, терминология құру заңнама жұмыстарын үйлестіру мақсатында парламентария терминдерінің сөздігі жұмыстары да жүргізілуде.

Комиссияның 3-ші отырысы: 2014 жылдың 28 сәуiрінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Құқықтық мәселелер комиссиясының үшінші отырысы өтті. Оның жұмысына ТүркПА-ға мүше мемлекеттер – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия делегациялары қатысты. Жиынды Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, ТүркПА комиссиясының құқықтық мәселелері бойынша төраға орынбасары Нұрлан Әбдіров жүргізді.

Басқосуда «ТүркПА-ға мүше елдердің заңнаманы үйлестірудегі әрекеті» атты тақырыпта баяндама тыңдалып, ТүркПА-ның заңдық-құқықтық базасын жетілдіру туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ, ТүркПА комиссиялары жұмысын қайта құру жөнінде ұсыныстар талқыланды.

Кездесу барысында парламентарийлер Құқықтық мәселелер комиссияның төртінші отырысын 2014 жылдың екінші жартысында, Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткізуге келісті.

Комиссияның 4-ші отырысы: 2015 жылдың 29 сәуірінде Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің ғимаратында ТүркПА-ның Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясының 4-інші отырысы өтті.

Жиналысқа ТүркПА Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар комиссиясының Төрағасы, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжлісінің депутаты Халюк Ипек төрағалық етті. Комиссия жұмысына ТүркПА-ға мүше төрт ел (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия) парламенттерінің мүшелері қатысты. ТүркПА-ға мүше елдерден келген парламентарийлер түркітілдес елдердің сайлау жүйелері мен сайлаулар және Ассамблеяның сайлауды бақылауы мәселелерін талқылады.

Жиын барысында «ТүркПА-ға мүше елдердегі сайлау жүйелері мен сайлаулар және Ассамблеяның сайлауды бақылауы» атты баяндама талқыланып, мүше елдердің парламенттері мен үкіметтеріне арналған ұсыныстар қабылданды.

Комиссияның келесі бесінші отырысы Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында 2016 жылы өтетін болады.

Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясы

2014 жылдың 12-13 маусымында өткен Ассамблеяның бесінші пленарлық сессиясында құрылған (2014 жылғы 13 маусымдағы №57 қаулы). Жаңа комиссияның құрылуына келесі жайттар себеп болды: қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және де энергияның балама көздерін дамыту көптеген халықаралық құрылымдардың күн тәртібінде бар. Сонымен қатар, ТүркПА-ға мүше мемлекеттерді Каспийдегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, кеуіп бара жатқан Арал теңізін сақтап қалу, суды дұрыс пайдалану сияқты көптеген экология мәселелері толғандырады. Табиғат байлығын тиімді пайдалану мен балама қуат көздерін жетілдіру ТүркПА-ға мүше мемлекеттердің күн тәртібінде. Мысалы, Астанада өткелі отырған EXPO-2017 болашақ энергия көздерін дамытуға арналған.

Комиссияның алғашқы жиналысы 2015 жылғы 2 сәуірде Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісінде өтіп, оны Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің депутаты, комиссия төрағасы Әһлиман Әмирасланов жүргізді. Күн тәртібіндегі басты тақырып «Түркітілдес елдердегі шөлденумен күрес» деп аталды.

Парламентарийлер түркітілдес елдердегі шөлденуге қатысты проблемаларды талқылады, мүше елдердегі осы мәселеге қатысты арнайы бағдарламалар жөнінде сөз қозғады және тиісті ұсыныстар берді. Сонымен қатар, халық қалаулылары комиссияның келешек жұмыс жоспарын пысықтады. Пікір алмасулар барысында депутаттар ТүркПА аясында айналаны қорғаудың басты бағыттарын анықтап алу керектігін баса айтты. Іс-шараға қатысушылар экология түйткілдерін оңтайлы шешуде, сөйтіп халықтың хал-жағдайын жақсартуда ортақ позициялар түзіп, бірлесе жұмылу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, экология саласында нақты жобалардың жүзеге асырылуының өзекті әрі маңызды екендігіне көңіл бөлінді. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан келген делегациялар, Түркияның Қоршаған орта және қалалар дамуы министрлігі, Орман және су мәселелері министрлігі, Түркі кеңесі, Түркі дүниесінің сәулетшілері мен инженерлері бірлігі, Түркі дүниесінің қала әкімшіліктері бірлігі және басқа да ұйымдар өкілдері жиынға қатысты. Арнайы баяндама мен ұсыныстар қабылданып, Астана қаласында 2015 жылдың желтоқсанында өтетін Ассамблеяның алтыншы пленарлық отырысында бекітілуге ұсынылды.

Комиссияның екінші жиналысы 2016 жылдың бірінші жартысында Әзербайжанда өтеді. Келесі жиналыстың басты тақырыбы «Ғаламдық климаттың өзгеруі: мүше елдер үшін себептер мен салдарлар» деп аталатын болады.

ТүркПА-ның бұрынғы Халықаралық қатынастар комиссиясы

(2011 жылғы 28 сәуір – 2014 жылғы 13 маусым)

ТүркПА халықаралық қатынастар комиссиясы 2011 жылдың 27-28 сәуірінде Астана да өткен Ассамблеяның екінші пленарлық сессиясында құрылып, жеке дара комиссия ретінде өз әрекетін 2014 жылғы 14 маусымға дейін атқарды. Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің депутаты Әһлиман Әмирасланов комиссия төрағасы, ал Түркия Республикасы Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Үлкер Гүзел ханым комиссия төрағасының орынбасары болды.

Комиссияның 1-ші отырысы: 2011 жылдың 3 қарашасында Баку қаласында өтті. Жиын барысында комиссия төрағасы Әһлиман Әмирасланов «ТүркПА-ның халықаралық әрекеттестігінің негізгі салалары мен перспективалары» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндамада халықаралық ұйымдармен байланыстар орнатуда атқарылған шаралар мен оларды баянды етуді көздеген жоспарлар жөнінде айтылды. Халық қалаулылары ТүркПА-ның болашақ халықаралық қатынастарына қатысты өз пікірлерін ортаға салып, тиісті ұсыныстар қабылдады.

Депатуттар халықаралық сахнада ТүркПА жайлы біршама ақпар тарату қажеттігін және де бірқатар мәселелер бойынша ортақ позиция ұстану қажеттігін айтты. Комиссияда қабылданған баяндама мен ұсыныстарды Бішкекте 2012 жылдың 14-15 маусымында өткен Ассамблеяның үшінші пленарлық отырысы бекітті.

Комиссияның 2-ші отырысы: 2012 жылдың 11-12 желтоқсанында Астана қаласында өтті. Жиналысқа комиссия төрағасының орынбасары, Түркия Республикасы Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Үлкер Гүзел ханым төрайымдық етті. Күн тәртібіндегі басты тақырып «ТүркПА, Түркі кеңесі және ТүркСОЙ-дың түркітілдес мемлекеттердің арасындағы қатынастарды дамытудағы рөлі» деп аталды.

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК), ТүркСОЙ, Түркі дүниесі қала әкімшіліктері бірлігі өкілдері де іс-шараға қатысып, өз ұйымдары аясында түркітілдес елдер арасында өрістеп жатқан ынтымақтастық хақында әңгімеледі. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыпқа байланысты баяндама мен ұсыныстар Анкарада 2013 жылдың 10-11 маусымында өткен Ассамблеяның төртінші пленарлық сессиясы барысында бекітілді.

Комиссияның 3-ші жиналысы: 2014 жылдың 15 сәуірінде Бішкек қаласында өтті. Күн тәртібіндегі басты тақырып «Түркітілдес елдердің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара әрекеттестігі» деп аталды. Жиынды комиссия төрағасы, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің депутаты Әһлиман Әмирасланов жүргізді. Іс-шара барысында түркітілдес елдердің халықаралық ұйымдар аясында ынтымақтасу жолдары, ортақ позициялар ұстанып, қорғау бойынша келешекте атқарылатын жұмыстар жайлы біршама талқылаулар болды. Жиын барысында қабылданған баяндама мен ұсыныстар Бакуде 2014 жылдың 12-13 маусымында өткен Ассамблеяның бесінші пленарлық сессиясында бекітілді.

ТүркПА хатшылығы

Хатшылық тұрақты негізіңде Әзербайжанда, Баку қаласында орналасқан және құрамына мүше төрт ел өкілдері енген. Хатшылықта ТүркПА-ға мүше елдердің өкілдері жұмыс істейді.

ТүркПА Хатшылығы парламенттік ассамблеяның, кеңестің және комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етеді. Бас хатшы Хатшылықтың қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

2013 жылғы 1-қазаннан бастап ТүркПА-ның Бас хатшысы Ж.Асанов.